Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz - Желтоқсан айында қазақстандықтардың айырбастау пункттерінен долларды нетто-сатып алу (сатып алу минус сату) көлемі 358,5 млн долларды құрады. Бұл қараша айымен салыстырғанда 10 пайызға төмен.
Бұл көрсеткіш 2015 жылдың желтоқсанындағы деңгейден үш есе аз (922,1 млн доллар).
2016 жыл бойы халықтың долларды нетто сатып алу мөлшері 1,4 млрд долларды құрады. Бұл 2015 жылдың мөлшерінен 5,7 есе төмен. Бұл деңгей 2001 жылдан бергі ең төменгі жылдық көрсеткіш.
Осыған ұқсас жағдай, басқа да танымал шетел валюталарында қайталанып отыр. Мысалы, ресейлік рубльді қолма-қол нетто сатып алудағы көрсеткіш өткен жылы екі есе қысқарды (88,1 млрд рубль). 2015 жылы АҚШ валютасы рубльден қарағанда 2,7 есе көп сатылса, 2016 жылы теңге эквиваленті бойынша доллар мен рубль теңесті. Ал еуроны сатып алу көлемі өткен жылы 40 пайызға (373 млн еуро) қысқарды.
Бұл халықтың қолма-қол АҚШ долларына деген сұранысының төмендеу үрдісі жалғасып отырғанын білдіреді.
Дерекөз: Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі