Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келген шығын 6,4 млрд теңгеден асты ( 524 іс), оның 3,6 млрд теңгесі қайтарылды.
Құқықтық статистикаға сәйкес, екі айда зиян сомасы 1,5 млн теңгеге жетті. Негізгі сома ауыр қылмыстарға – 6,396 млрд теңге түсті. Орташа дәрежедегі қылмыстар - 310 мың теңге, ауыр емес - 58,1 млн теңге болды.
Сонымен қатар, қызмет өкілеттігін асыра пайдаланғандар 6 млрд теңгеге 65 қылмыс жасады. 142,6 млн теңгеге басқаның мүлкі жоғалды. Қызметтік қылмыс шығыны 23,1 млн теңгені құрады.
Бұл ретте, мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан 355,8 млн теңгеге 29 іс анықталды.