Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жеңіс Қасымбек ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

Жеңіс Қасымбек ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Жеңіс Қасымбек Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. Мәжілісмендер осы лауазымға оның кандидатурасын мақұлдады.

Жаңа вице-премьердің мәселесі мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде өткен отырыста қаралды.

Кандидатураны Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды. Ол Қасымбек Үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарында шешім қабылдау үшін қажетті құзыретке ие екенін атап өтті. Мәжіліс комитетінің мүшелері Касымбекке бірқатар сұрақтар қойды және талқылаудан кейін тиісті қорытынды жасады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасымбек Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.

Жеңіс Қасымбек 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келген.

Білімі: 1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын тәмамдаған, сәулетші-дизайнер.

2001 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты. Диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлік кешенін дамытуды реттеу (2009).

1997-1998 жылдары – ҚазБСҚА зерттеушісі;

1998 жылы – «Темірбанк» ААҚ бас маманы;

1998-2000 жылдары – ҚР Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитетінде бөлім бастығы;

2000-2004 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Су көлігі департаментінің директоры;

2004-2005 жылдары – «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры;

2005-2009 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар вице-министрі;

2009-2014 жылдары – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы;

2014 жылы – ҚР Көлік және коммуникациялар министрі;

2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары;

2016 жылы – ҚР Инвестициялар және даму министрі;

2016 жылы – инвестициялық омбудсмен болып тағайындалды.

Похожие материалы