Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жер қатынастарына байланысты жаңа заң жобасы дайындалып жатыр

Жер қатынастарына байланысты жаңа заң жобасы дайындалып жатыр

Астана. 29 қараша. 7kun.kz - Ауыл шаруашылық министрлігі жер қатынасына байланысты жаңа заң жобасын дайындап жатыр. Оның аясында жерді жалға беру мәселесі қайта қаралатын болады. Бұл туралы ведомство басшысы Асқар Мырзахметов мәлімдеді. 

"Жер қатынастарын мемлекеттік реттеу - қазір талқыланып жатқан мәселе. Келесі айда біз жер қатынастарына қатысты жаңа заңның жобасын енгіземіз. Қазір парламенттің қарауындағы заң жобасы - мораторий мерзімін ұзарту туралы. Біз айтып отырған екінші заң туралы құжатта ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беруді жетілдіру туралы талқыланады. Осы құжат аясында бірнеше мәселелерді шешу қажет. Жаңа кадастрлық құнды анықтау үшін заңды база құрып, ауыл шаруашылығы жерлері бойынша нақты база болу үшін қажетті геотоникалық зерттеу жүргізу керек", - деді Асқар Мырзахметов. Сондай-ақ, ведомство басшысы жобаның су қатынастары сферасына да біріктірілетіндігін түсіндірді. Алдағы 5 жыл ішінде 600 мың га-дан асатын суармалы жер айналымға енгізілуі керек. Асқар Мырзахметовтың атап өтуінше, агроөндірісті кешенді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның аясында 2017-2021 жылдар аралығында 1200-дан асатын ауыл шаруашылық ұжымдастықтарын құру жоспарланған. "Салыстырмалы түрде қарасақ, қазіргі көрсеткішке қарағанда 2,5 есе артық", - деді министр. Оның сөзінше, осы арқылы өндірісті кешендердің жұмыс көлемін 30%-ға көбейтуге болады.

Похожие материалы