Экономика
Регионы
Жер қойнауын пайдаланушылар мен Маңғыстау облысының әкімшілігі меморандумға қол қойды

Жер қойнауын пайдаланушылар мен Маңғыстау облысының әкімшілігі 300 млрд теңге көлемінде меморандумға қол қойды деп хабарлайды Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз-қызметі.
Меморандум ұлттық кәсіпкерлерді қолдауға арналған. Құжатқа қол қою Ақтау қаласындағы жергілікті форумның аясында өтті.
«Бүгін қол қойылған меморандумдар отандық тауар өндірушілер мен жұмыс орындарының сақталуына бағытталған», - деп мәлімдеді Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстанның энергетика министрі Владимир Школьник.
Ведомства басшысының хабарлауынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-газ саласындағы жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан жалпы сатып алынған тауарлар мен қызметтер үлгісі 3 трлн теңгені құрайды, оның 54%-ы қазақстандық мазмұнда.