Алматы. 22 қыркүйек. 7kun.kz - Жергілікті бюджеттің кірісі өткен жылмен салыстырғанда өсім көрсетпей, сол деңгейде қалды. Бұл өңірлердің дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан «100 нақты қадам» бағдарламасында айтылған жергілікті дербес бюджет енгізуді жеделдету керек. Бұл туралы 7kun.kz тілшісіне сұхбат берген экономист Мақсат Халық айтты.
Оның айтуынша 2018 жылдың 7 айында жергілікті бюджетке түсім 2,7 трлн теңгені құрады. Бұл былтырғы деңгей.
«Жергілікті бюджеттің негізгі кірісі -1,4 млрд теңге трансферт пен 1,2 млрд теңге салық. Екі кіріс көзінің суммарлық үлесі жалпы түсімнің 96,4%. Негізгі капиталды сату мен салық емес түсімдер бар болғаны 3,6% немесе 342 млрд теңге болды. Егер жергілікті бюджетті енгізу жылдам жүзеге асса өңірлердің бюджет көлемінің артқанын байқауға болады», дейді сарапшы.
Айта кетейік, биыл аймақтар арасында жергілікті бюджетке пайда ең көп жиналған өңір Түркістан -324 млрд теңге. Екінші орында Алматы облысы -285,4 млрд, үшінші орында алматы облысы 231,4 млрд теңге.