Қазақстанда жергілікті бюджетке салық жинаудан түскен қаржы бір жылда 13%-ға немесе 1,7 триллион теңгеге дейін өскен. Жергілікті бюджеттің көп бөлігін жеке табыс салығы құрайды. Салықтың бұл түрі бойынша көрсеткіш 2014 жылы 38%, 2016 жылы 40% болды.
Ең көп салық жиналған өңірлер: Алматы - 339 млрд теңге, Астана - 201 млрд теңге, Атырау облысы - 204 млрд теңге.
Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2017» есебіне сәйкес, Қазақстан "Салық салу" индикаторы бойынша 2016 жылы 60 орынға ие болды. Бұдан бұрын 57 орында болған еді.