Экономика
Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға арналған қосымша пайда болды
Алматы. 13 қаңтар. 7kun.kz - Ресейде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға арналған Umer деп аталатын жаңа қосымша пайда болды. Бұл арқылы жерлеу рәсімін өткізу қанша тұратынын білуге және қажетті салттық қызмет түрлеріне тапсырыс беруге болады, деп жазды vc.ru.
Аталған қосымшаны жасап шығарған «Яндекс.Погода» жобасының басшысы - Дмитрий Геранин. Қызмет қаза болғандарды жерлеу орындарын табуға немесе жерлеу рәсімін өткізуге арналған барлық қажетті құжаттарды жинауға көмектеседі.
Umer жерлеу рәсімін өткізетін агенттіктердің агрегаторы ретінде жұмыс істейді. Қолданушылар барлық қосымшаларды бір жерден көрсе, агенттіктер клиенттер тарта алады.
Қосымшаны қолдану үшін пайдаланушы кім қайтыс болды, жағдай қалай болды және мамандарға қайда бару керектігі туралы ақпарат беретін кішігірім анкетаны толтыру керек.
Сондай-ақ, қосымша жерлеу құны қанша болатынын шамамен есептеп береді. Содан кейін басқа да мәселелерді шешу үшін оператор қолданушымен байланысады.