Жетісу облысы. 21 шілде. 7kun.kz – Атығай Арыстанов Жетісу облысының полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Атығай Арыстанов тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев таныстырды», – делінген хабарламада.
Атығай Арыстанов 1971 жылдың 19 қарашасында Қостанай облысында дүниеге келген. Білімі – құқықтану, құқық қорғау қызметінің магистрі.
Ішкі істер органдарында 1992 жылғы желтоқсаннан бастап қызмет атқарады. Еңбек жолын жедел қызметкерден бастап қызмет және жедел жұмыс басшысына дейін әр түрлі лауазымдарда атқарған.
2008-2010 жылдары – Алматы қаласы Ішкі істер департаменті Бостандық ауданы ішкі істер басқармасының бастығы.
2010-2012 жылдары – Ақмола облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2012-2016 жылдары – Қостанай облысының Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2016 жылы – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы.
2019-2021 жылдары – Ақтөбе облысы ПД бастығы. 2021 жылғы 16 қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.