Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жигули Дайрабаевтың балаларына қатысты сот отырысы президент сайлауынан кейін өтеді

Жигули Дайрабаевтың балаларына қатысты сот отырысы президент сайлауынан кейін өтеді

Астана. 28 қазан. 7kun.kz ҚР президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты іс бойынша сот отырысы президент сайлауынан кейін өтеді. Бұл туралы Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

28 қазанда қаралуы керек іс бір айға кейінге шегерілді. Сот отырысы бұған дейін де бірнеше рет шегерілген болатын.

Сот отырысы 2022 жылдың 28 қарашасы сағат 10:30-да өтеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, бүгін Тараз қаласы №2 сотында сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен төрт азаматқа қатысты іс қаралуы қажет еді. Оның ішінде үйқамаққа алынған президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдағалиев бар.

Кезектен тыс ҚР президенті сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтеді.

Похожие материалы