Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жигулидің жарнамасы желі қолданушыларының күлкісін келтірді

Жигулидің жарнамасы желі қолданушыларының күлкісін келтірді

Алматы. 22 мамыр. 7kun.kz - ВАЗ-2106 көлігінің "Колеса" порталындағы ерекше хабарландыруы желі қолданушыларының күлкісін келтірді.

Қолданушылар жарнамамен белсенді бөлісіп жатыр.

[caption id="attachment_69588" align="alignnone" width="680"] Фото: zakon.kz[/caption]

"Жигули автокөлігін сатамын. Сатып алу күмәнді, бірақ бағасы да қолжетімді. 500 мың теңге және корвет сіздікі болады. 1997 жылы шығарылған, жағдайы орташа. cd/mp3/usb магнитоласымен бірге беремін.

Ең бастысы көлік жүріп тұр. Қала ішінде ешқандай проблема жоқ (бірақ жазда кондиционерсіз тозақтағыдай ыстық). Бағдаршамда көптеген шетелдік машиналар жылдам өтеді. Трассада жүргенде де орташа. Қандай жылдамдықпен жүретініңіз өзіңіздің қорғану инстинктіңізге байланысты. Жеке өзім кейде жылдамдықты 130 км/сағ дейін жеткізгенмін (онда да қозғалмай, дем алмай).

Автокөлік жол апатына ұшырамаған. Бірақ алдыңғы екі есігі кішкене ұрылған. Мүмкін маған дейінгілер соққан шығар, алайда мен де бір рет ұрып алғанмын.

Ішкі безендірілуі біреудің ақылға қонбайтын тілегімен линолеумнен жасалған. Сонымен өмір сүруге тура келеді.

Автокөліктің дабыл құралы мен орталықтандырылған құлпы бар. Жолаушы есігі аздап тұрып қалады.

Соңғы 1 жарым жылда көліктің ішінде шылым шеккен жоқпын. Ал оған дейін көп темекі тартқанмын. Бірақ алдыңғы қожайыны мен оның достары одан да көп шеккен. Оның үстіне барлығы бірге, қыста, есікті жауып қойып. Төбесі сұрланып кеткен. Оны жасыру мүмкін емес.

Дискілері нашар.

Пештері қыста жұмыс істейді. Бірақ өкінішке орай Өкінішке орай ыстық ауадан төменгі жағы желініп кеткен.

Машина тәуліктің көп бөлігін рахаттана гаражда өткізетін - энтузиасттарға арналған. Автокөлікте шығармашылыққа шектеу жоқ. Себебі жөндейтін және ауыстыратын жерлері көп. Көлік көптеген шайқастарда шыныққан. Сонымен қатар, өзінің иесіне соңғы демі қалғанша адал!", - делінген хабарландыруда.

Бірнеше күнде жарнама қаралымы 93 мыңға жуықтады. Комментаторлар автордың креативтілігіне риза болып, сатылымына сәттілік тіледі.

"Суреттемесі керемет. Барлығын сауатты жазған. Машинаның минустары өте көп, әрі оларды оқу да жағымды әсер қалдырады", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.

Похожие материалы