Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володин саясаткер Владимир Жириновский қайтыс болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды 7kun.kz.
"Ауыр және ұзаққа созылған аурудан Владимир Вольфович Жириновский қайтыс болды", – деп жазды Володин Telegram-арнасына.
Ақпанның басында Ресей Либералдық-демократиялық партиясының (ЛДПР) басшысы Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылған еді. Дәрігерлер саясаткерге өкпесінің 75% зақымданған деген диагноз қойған. Бірнеше күннен кейін оның жағдайы нашарлап, ауыр деп бағаланды. Кейін жасанды тыныс алу аппартына қосылған.