Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Жиырма үшінші мамырға арналған металл және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: АҚШ-тағы отын қорының көлемі туралы ресми деректер жарияланғаннан кейін эталондық маркалардың мұнай бағасы төмендей бастады. Елдің Энергетика министрлігі хабарлағандай, өткен аптада мұнайдың тауарлық қоры 4,74 млн баррельге көтерілді, деп жазады investing.com. 23: 15-тегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының шілде фьючерстерінің құны 2,18%-ға, барреліне 70,64 долларға дейін төмендеді. Ал WTI фьючерстерінің бағасы 3,18%-ға, барреліне 61,12 долларға дейін арзандады.
Металдар: алтын бағасы іс жүзінде өзгерген жоқ, трейдерлер сауда майданындағы соңғы жаңалықтар аясында сақ болады. Қытай мен АҚШ арасындағы шиеленіс АҚШ уақытша Huawei-ге санкцияларын алып тастағаннан кейін біршама төмендеді. 23:12-де алтынға арналған маусым фьючерсінің бағасы 0,11%-ға қымбаттап, бір троялық унциясы 1 274,55 долларға сатылды. Күміске фьючерстің құны 0,30%-ға өсті, бір троялық унциясы 14,4 долларға сатылды.
Криптовалюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 23:05-те bitcoin 7 956,52 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 0,18%–ға қымбаттап, ал оның капитализациясы 140,9 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 0,28%–ға өсіп, 253,45 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 26,9 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы - 248,8 млрд доллар.