Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жол ережесін бұзғандар үшін айыппұлдың 50 пайыздық жеңілдігі алып тасталмақ

Жол ережесін бұзғандар үшін айыппұлдың 50 пайыздық жеңілдігі алып тасталмақ

Астана. 18 қазан. 7kun.kz Жол ережелерін өрескел бұзатындарды бір апта ішінде айыппұлдың тек жартысын төлеу мүмкіндігінен айыру туралы бастаманы депутаттардың қарауына жіберіледі. Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, бұл шара көлік иелерін тәртіпке салуға көмектеседі.

«Баптарды қатаңдаттық Бұл ең алдымен, жалған нөмірмен, нөмірсіз көлік жүргізуге, сондай-ақ жазатайым оқиғаларға әкелетін жағдайларға арналған. Егер жүргізуші бір жыл ішінде жол ережесін бес реттен артық бұзса, ол әкімшілік айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу құқығынан айырылады. Қазір біз депутаттарға осындай ұсыныс енгізгелі жатырмыз. Егер олар бұл норманы қолдаса, онда жолда тәртіп орната аламыз деген ойдамын», – деді Мұратәлиев.

Ол жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншілерге де осындай шара қолдануды ұсынуда. Қазіргі таңда барлық қалалар мен облыстарда жаяу жүргіншілердің көшеден өтуіне барлық жағдай жасалған. Дегенмен,50 метр жерде жер үсті немесе жер асты өткелі болса да, жолды дұрыс емес жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілер әлі де бар көрінеді.

Похожие материалы