Астана. 11 қаңтар. 7kun.kz – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап АЕК 13%-ға (3180 теңгеден 3450 теңгеге дейін) өсті, сәйкесінше айыппұл мөлшері де өсті, деп хабарлайды 7kun.kz Paragraph Lawyer телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл:
- 10-20 шақырымға – 17
250 теңге (15 315 теңге болды).
- 20-40 шақырымға – 34500 теңге (30630 теңге болды).
- сағатына 40 километрден жоғары айыппұл 69 мың теңгені құрайды (61 260 теңге болды).
- жыл ішінде қайта ереже бұзу – 103 500 теңге (91 890 теңге болды).
Жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарғандарға 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Бағдаршамның тыйым салу түсіне немесе реттеушінің тыйым салу қимылына жол жүру – 34 500 теңге (30 630 теңге болды).
Жаяу жүргіншілер жолы, гүлзарлар, балалар және спорт алаңдары, сондай-ақ басқа көліктердің жүруіне кедергі болған жол бөлігіне көліктерді қою – 34 500 теңге (30 630 теңге болды).
Сондай-ақ бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқанда көлік жүргізу, түкіру, қоқыстарды дұрыс емес жерге тастау және басқа да заң бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері өсті.