Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жолдаудағы мәселелерді бақылауда ұстаса, бірер жылда жақсылығын көруіміз мүмкін - экономист

Жолдаудағы мәселелерді бақылауда ұстаса, бірер жылда жақсылығын көруіміз мүмкін - экономист

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда айтқан әлеуметтік мәселелер орындалса, халықтың жағдайы жақсарады.  Экономист Бауыржан Мұқанов Жолдауға қатысты осылай дейді.

– Президенттің осы Жолдауынан халық негізінен экономикалық реформаларды көп күтті. Бірақ осы жолы да Президенттің негізгі бастамаларының басым бөлігі – әлеуметтік мәселе болды. Оны да ұмытпаған дұрыс. Дегенмен қаңтардан кейін, таяудағы референдумда саяси өзгерістер ұсынылып, саяси бағытымыз осымен қалыптасып, енді көп өзгеріс ұсыныла қоймайды деп ойладық.

Ұсынған әлеуметтік ұсыныстарды алдағы уақытта орындаса, халықтың көңілінен шығатыны рас. Оның үстіне, елдің жағдайы да жақсара түседі. Мысалы, Самұрықтың 7 пайызын Қазақстан халқына беру, ұлттық қор табысының жартысын балаларға беру – үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген дүниелер еді. Осыны халық қуана қабылдады. Жолдауда жемқорлардың ақшасына мектеп салуды да Президент қозғап, білім саласына қатысты біраз мәселелерді айтты. Денсаулық, медицина саласында да ескеретін дүниелерді көрсетті.

Экономикалық ұсыныстарға келер болсақ, бұрыннан қозғап жүрген мәселелердің біразы қайта көтерілді. Жекешелендіру, мемлекеттің экономикаға араласуын азайту, монополияны жою, кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды жақсарту – Жолдаудан тыс қалған жоқ.  Енді осы мәселелердің нақты шешімін көрсете отырып, бақылауында ұстаса, бірер жылда жақсылығын көруіміз мүмкін. Тек нақты экономикалық бағдарлама  немесе ұсыныс қажет. Президент тағы бір мерзімге сайланса, халық одан саяси еркіндік, әлеуметтік теңдік күте алады. Сол себепті экономиканы түбегейлі реформалау жұмысын да ұмыт қалдырмау керек.

Похожие материалы