Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жолшы мамандығын насихаттау жалғасуда

Жолшы мамандығын насихаттау жалғасуда

“Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” мекемесінің Алматы қалалық филиалы студенттерге кәсіптік бағдар беріп, жол инженері, жол құрылысшысы мамандығына шақыруды жалғастыруда.

Филиал қызметкерлері бұл жолы Алматыдағы Қазақ Жол қатынастары колледжінің студенттерімен кездесті. Ашық аспан астында өткен кездесуде жоғарғы курс студенттеріне жылжымалы жол зертханасы мен оның жұмыс істеу әдісі таныстырылды.

Инженер Айдар Бейспеков студенттерге аспаптарды таныстыруда

Инженер Айдар Бейіспеков жылжымалы зертханадан бөлек жол сапасын анықтау үшін қолданылатын аспаптар мен құрылғыларды да таныстырып, олардың жұмыс істеу принциптерін, ерекшеліктері мен артықшылықтарын да баяндады. Мысалы, студенттерге жол бетінің түзулігін анықтайтын, жол қабатының құрамы мен тығыздығын анықтайтын құралдар қызық болды.

Кездесу соңында жол маманы болғысы келетін жастар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Одан бөлек, студенттерге Алматы филиалында ақылы тәжірибеден өту мүмкіндігі бары айтылды. Жазғы мезгілде болашақ жолшылар тәжірибен өтіп, қосымша ақы ала алады. Алдағы уақытта колледж студенттері үшін Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы өңірлік зертханасына ашық есік күнін ұйымдастарып, олар зертхана жұмысымен танысуға шақырылды.

Похожие материалы