Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жомарт Ертаев Ресейде босқын мәртебесін алды

Жомарт Ертаев Ресейде босқын мәртебесін алды

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz – Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Қазақстанға бұрынғы банкир және осы еліміздегі ең ірі телекоммуникациялық «Алмател Қазақстан» (Алма ТВ) компаниясының басшысы Жомарт Ертаевты қайтарудан бас тартты. Ресейде ол босқын мәртебесін алды, деп хабарлайды Коммерсант.

«Біз Жомартты үй қамауынан босату туралы ресми хабарлама алған кезде, Қазақстанға экстрадицияланбайтынына сенімді болдық», - дейді адвокат Алексей Петров.

Адвокаттың айтуынша, экстрадициядан бас тарту Ресейдің ІІМ-нің Орталық басқармасының көші-қон департаменті (ІІМ) Мәскеуде өзінің клиенттіне босқын мәртебесін бергеннен кейін орын алған.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бизнесмен 8 мамырда «Москва-Сити»-ге жақын жерде ұсталды. 11 мамырда Пресненский соты оны СИЗО-да қамауға алудан бас тартып, 40 тәулік бойы кәсіпкерді Мәскеудегі пәтеріне үй қамаққа жіберген. Жомарт Ертаев ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, ол «Bank RBK» АҚ Директорлар Кеңесі Төрағасының кеңесшісі бола отырып, 80 миллион доллардан астам сомаға жалған ЖШС-ға банктік қарыз алуды мақұлдады, сондай-ақ қарыз қаражатын қайтармау мақсатында іс-әрекеттерді жүзеге асырды.

Похожие материалы