Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЖОО-ға түсетін талапкерлерге арналған жаңа сервис іске қосылды

ЖОО-ға түсетін талапкерлерге арналған жаңа сервис іске қосылды

Қазақстанда 6 түрлі критерий бойынша жоғары оқу орындары мен колледждердің тәуелсіз рейтингін көру үшін онлайн сервис іске қосылды деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.


Жаңа сервис арқылы жоғары сынып оқушылары, ата-аналар, студенттер оқу орындарының еңбек нарығында түлектердің қажеттілігі, жұмысқа орналасу және жалақы деңгейі тұрғысынан табыстылығы туралы ақпаратқа тегін қол жеткізе алады делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Электрондық еңбек биржасының сайтында әрбір пайдаланушы белгілі бір аймақ бойынша, жеке мамандық немесе нақты бағыт бойынша жоғары оқу орнына немесе колледжге ең тиімді таңдау мүмкіндігіне ие. Рейтинг 2018 жылдың желтоқсанында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандарымен жасалды. Үздік және нашар оқу орындарын таңдау сауалнамалар негізінде емес, түлектердің жұмысқа орналасуының нақты нәтижелері, олардың жалақы деңгейі, жұмыстың тұрақтылығы бойынша жасалды. Бұл рейтингті объективті және тәуелсіз етеді. Салыстырғанда 101 ЖОО түлектерінің 200 мыңға жуық және еліміздің 766 колледждерінің 300 мыңнан астам түлегі пайдаланылды. Салыстыр кезде 2015-2017 жылдары бітірген 101 жоғары оқу орындарының 200 мың түлектері мен еліміздің 766 колледжін бітірген 300 мыңнан астам түлектерінің мәліметтері қолданылды.


«Бұл шын мәнінде бір рейтинг емес, он төрт. Кез-келген адам жұмыс берушілер қандай мамандықтарға көбірек сұранысқа ие екенін, қандай аймақтардың жоғары оқу орындары жақсы немесе нашар екенін көре алады. Сайт архитектурасы әртүрлі салыстыру жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, талапкер "Ақпараттық жүйелер"мамандығы бойынша жоғары білім алғысы келеді. Рейтинг арқылы ол Қазақстанның қай жоғары оқу орнында түлектердің жұмысқа орналасуының ең жоғары пайызын, қай өңірде осындай мамандар ең жоғары жалақы алатынын көре алады», - деп түсіндірді "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ вице-президенті Тахир Аслялиев.

Похожие материалы