Астана. 17 қараша. 7kun.kz - Қазақстан Республикасының Үкіметі «Терроризмді болдырмау немесе тоқтату жайында ақпарат бергені үшін сыйақы тағайындау» туралы ереже бекітеді. Бұл туралы Kazpravda.kz сайтында жазылған.
Құжат 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Жалпы ереже бойынша, сыйақы бюджет есебінен алынатын болады. Сыйақы мынадай тәртіппен беріледі:
- 2014 жылы 3 шілдеде қабылданған терроризм актісі бойынша қылмыстық істер жөнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 255-бабының бірінші және екінші тармақтарында көрсетілген – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш (АЕК); 2016 жылғы АЕК көрсеткіші бойынша, 1 590 750 тг.
- Терроризм актісі қылмыстық істер жөніндегі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 255-бабында, үшінші және төртінші тармақтарында көрсетілген – 1000 ( бір мың) АЕК. 2016 жылғы АЕК көрсеткіші бойынша, 2 121 000 тг.
Сонымен қатар, үш күн ішінде жергілікті орган терракт туралы ақпарат берген азаматқа марапатталатыны туралы хабар беруі керек.
Терроризм әрекетін болдырмау немесе тоқтатуға көмектесіп, ақпарат берген адам тұрғылықты жеріне мынадай құжаттарын өткізуі қажет: хабар бергені туралы түбіртектің көшірмесін; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және банктегі шоты туралы анықтама.
Арайлым МҰХАМЕДИЯРҚЫЗЫ "7"