Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы прокурорлары автосалондардың қызметін тексеруде

Алматы прокурорлары автосалондардың қызметін тексеруде

Алматы. 18 мамыр. 7kun.kz – Алматыда қалалық прокуратура автокөлікке қосымша жабдықтарды сату дерегі бойынша автосалондарды тексерді, деп хабарлайды 7kun.kz.          

Прокурорлар автосалондардың мұндай әрекеті заңға қайшы дейді. Автосалондар көліктерді сатқанда көп жағжайда бұл қызметтер мен керек-жарақтарды тұтынушыларды сатып алуға міндеттейді.        

Бұл жағдай ҚР Конституциясының 26-бабына сәйкес монополиялық қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Сәйкесінше жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сәйкес, тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптарды енгізбеуге тиіс.    

Заңның 28-бабына сәйкес сатушы тұтынушыға тиісті сападағы тауарларды тұтынушыға ыңғайлы уақытта еркін таңдауды қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны қажетсіз мөлшерде және ассортиментте өнімді сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.         

Похожие материалы