Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЖСДП Қарағанды шахтерларын қолдап, мәлімдеме жасады

ЖСДП Қарағанды шахтерларын қолдап, мәлімдеме жасады

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Саяси партиялар да Қарағандыда наразылық білдірген шахтерларды қолдап, мәлімдеме жасай бастады.

Бүгін Жалпыұлттық Социал Демократиялық Партиясы «Ереуілге шыққан Қарағанды шахтерларын қолдаймыз!» деген мәлімдеме таратты.

«АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның ереуілге шыққан шахтерларының әлеуметтік-экономикалық талаптарын абсолютті әділ деп есептейді және оларды толық қолдайды. Біз, яғни ЖСДП бүгінгі таңдағы жұмысшылардың жұмысберуші алдындағы құқықсыздығы және биліктің халықтың тіршілік мүдделерінен аулақ болуы жағдайында, жұмысшылардың өз құқықтары мен тіршілік мүдделерін қорғауының жалғыз жолы ереуілдер болатынын талай мәрте ескерткенбіз!», делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ, мәлімдемеде «АрселорМитталТеміртау» АҚ басшылығын кеншілердің әділ талаптарына ден қойып, қанағаттандыруға шақыратыны және оларды қудаламау туралы айтылған.

Похожие материалы