Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмыс істейтін жастар қазан айында алғашқы пәтерге ие болады

Жұмыс істейтін жастар қазан айында алғашқы пәтерге ие болады

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейтін жастар үшін пәтер беріледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар мен отбасы істері жөніндегі комитет төрағасы Мадияр Қожахмет мәлімдеді.

Айта кетейік, Елбасы жұмыс істейтін жастарға жылына 1000 пәтер беруді тапсырған болатын. Тұрғын үй жалдау негізінде беріледі.

«Біздің министрлік жалға берілетін тұрғын үй беру ережелерін бекітетін болады. Қазір үш аймақ (Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан) әкімдіктерінің өкілдерімен барынша зерттеу үшін егжей-тегжейлі талқылаймыз. Сонымен қатар, біз бұл шара бір реттік емес, жыл сайын жастарға осындай көлемде пәтер берілуіне бастамашы боламыз және өтінеміз», - деді Мадияр Қожахмет.

«Қазір басымдықты анықтау үшін (тұрғын үй беру бойынша) жастардың белсенділігі бойынша баллдар есептелетін Алматы үлгісі бойынша тетікті әзірлеп жатырмыз. Заң жобасы қабылданғаннан кейін қазан айында біз аталған аймақтардағы жастарға алғашқы пәтер береміз», - деп түсіндірді Комитет төрағасы.

Похожие материалы