Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей түсті

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдей түсті

Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдей түсті, - деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» баспасөз қызметі. 

Жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы орталыққа жеке куәлікпен, медициналық тексеруден өткендігі туралы анықтамамен келу және мемлекеттік бажды төлеу керек. Медициналық тексеруден өту туралы анықтама жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу, мерзімін өткізіп алу немесе жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде қажет.

Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист,    оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар-жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады. 

Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды. 

Похожие материалы