Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Астана қаласы Сарыарқа ауданының No2 сотында журналист Махамбет Әбжанға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Әбжанды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, өткен жылдың шілдесінде Махамбет Әбжанның екі айға қамауға алынғаны хабарланды. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері ұстады.

Оған қылмыстық кодекстің 274-бабы 2,3 бөлігі (көрінеу жалған ақпарат тарату) және 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы (қорқытып алу) бойынша айып тағылды.

Похожие материалы