Алматы. 24 маусым. 7kun.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі күнін бекіту жөнінде Үкіметке тапсырма берді.
«Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», - деп жазды Қ. Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.
Қазақстанда БАҚ өкілдері кәсіби мерекесін 28 маусымда – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні тойлайды.