Экономика
Медиа
Марк Цукерберг Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды
Қазақстан журналистер одағы ұйымы 2016 жылғы сыйлықтың лауреаттарын жариялады деп хабарлайды Азаттық радиосы. Сыйлық алғандардың ішінде Facebook-тің негізін салған Марк Цукеберг те бар.
«Саяси шолу» номинациясы бойынша сыйлық Азаттықтың журналисі, AzattyqLIVE және «Еркін сөз» бағдарламаларының жүргізушісі Қасым Аманжолға Қазақстандағы жер реформасына қатысты өзекті сұхбаттары үшін берілді.
«Журналистік зерттеу» номинациясы бойынша сыйлықпен Вячеслав Половинко «Новый газеты - Казахстан» басылымында жарияланған Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияларға қатысты материалдары үшін марапатталды. Лауреаттардың қатарында атыраулық «Ақжайық» газетінің тілшісі Зүлфия Байнекеева (
«Репортерлік жұмыс» номинациясы), «Жас Алаш» газеті бас редактор орынбасары Сансызбай Өкенұлы (
«Экономикалық шолу» номинациясы), «Саяси Қалам» басылымының тілшісі Инга Иманбай(
«Ізденіс материалы» номинациясы), «Астана» телеканалының бас директоры Ләззат Танысбай(
«Телевизиялық жұмыс»), «Общественная позиция» газетінің жауапты хатшысы Кенжетай Айтбакиев (
«БАҚ дизайны») және «Время» газетінің фототілшісі Владимир Заикин(
«Фотожұмыс»). Ал
«Интернет –жоба» номинациясы бойынша сыйлықты Қазақстан Журналистер Одағы Facebook-тің негізін салған Марк Цукебергке «әр түрлі елдергі қолданушыларды бір ақпараттық кеңістікте біріктіретін әлеуметтік желі құрғаны үшін» берді.
«Әлеуметтік желідегі есім» номинациясы бойынша сыйлық лауреаты блогер, музыкант Александр Цой болды.