Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басталғалы Қазақстанда ішімдік өндіретін 18 кәсіпорын жабылған

Жыл басталғалы Қазақстанда ішімдік өндіретін 18 кәсіпорын жабылған

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында азық-түлік өнімдері өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 14,4 пайызға азайған. Бұл жөнінде Total.kz  хабарлайды.

Рубль курсы төмендегендіктен қазақстандық экспортшылар шығынға ұшырап жатыр. Ал, ресейлік азық-түлік тауарлары ішкі нарықта 15 пайызға артқан.
Соңғы мәліметтер бойынша, ішімдік саласында өндіріс көлемінің 9,1 пайызға (1526-дан 1417 мың декалитрге) азаюы байқалып отыр. Мәселен, «Кокшетауминводы»  АҚ ішімдік өндірісін 25 пайызға (691,4-тен 525,5 мың декалитрге), "Лидер-2" ЖШС 21 пайызға азайтқан. Бұған себеп - отандық ішімдік өндірісіне деген сұраныстың төмендеуі. Ресейлік арақтың бағасы қазақстандықпен салыстырғанда 20 пайызға арзан.

Похожие материалы