Алматы. 20 шілде. 7kun.kz - Бұл көрсеткіш 2016 жылдың І жартыжылдығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 15 пайызға көп. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
2016 жылы 3,2 мың компания бизнесі тоқтатылған. Соңғы алты айда 9 үлкен (35%), 18 орта (25%), 3.6 мыңнан астам кіші (15,5%) бизнес өкілдерінің компаниялары жабылған.
Қызметін тоқтатқан 1100 компания сауда секторына тиесілі. Сонымен қатар, тізімде 418 құрылыс компаниясы және 256 техникалық ғылыми бағыттағы бизнес жабылған. Өнімді өңдеумен айналысатын 203 кәсіпорын, жылжымайтын мүлік саудасына қатысты 197 агенттік, 156 ауылшаруашылығы мекемесі, 133 білім беру орталығы, 131 қаржы және сақтандыру компаниясы мен 130 логистикалық фирма өз жұмысын тоқтатқан.