Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан қазақстандықтарға 30,5 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы берілді

Жыл басынан қазақстандықтарға 30,5 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы берілді

2015 жылдың қаңтар мен наурыз айларының аралығында мемлекеттік жәрдемақыны төлеу үшін республикалық бюджеттен 29,3 млрд теңге бағытталды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларға 1,2 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды Денсаулықты сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 22 487 теңге; асыраушыны жоғалту жағдайы бойынша - 20 222 теңге; жас бойынша - 11 110 теңге.

Қазіргі кезде мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алушылардың саны 49,9 мың адам, асыраушыны жоғалту жағдайы бойынша - 178,7 мың адам, жас бойынша - 5,6 мың адам.

Бұған қоса, бүгінгі күні №1 және №2 тізімдер бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алушыларың саны - 31,8 мың адам.

Ағымдағы жылдың басынан бері №1 және №2 тізімдер бойынша арнайы мемжәрдемақының көлемі жоғарылап, сәйкесінше 18 671 теңге және 16 610 теңге болды.

Похожие материалы