
Алматы. 24 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылғы шілдеде халық нетто-негізде қолма-қол шетел валютасын (АҚШ доллары, Ресей рублі, еуро) 196,5 млрд теңгеге сатып алды. Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын сатып алуға (69%) жұмсалды, Ресей рублінің және еуроның үлесі тиісінше 22% және 9% болды. Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 12 пайызға ұлғайды, бұл ретте АҚШ долларын және еуроны сатып алу шығыстары теңбе-тең – әрбір валюта бойынша 34 пайызға артты. Ресей рублін сатып алу шығыстары 29 пайызға төмендеді.
2017 жылдың қаңтар-шілдесінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу шығыстары (нетто) 1,0 трлн. теңге (АҚШ долларына – 57%, Ресей рубліне – 31%, еуроға – 12%) болды.
Айта кетейік, Қолма-қол шетел валютасындағы кірістердің іс жүзінде болмауына байланысты, Қазақстан халқы қолма-қол шетел валютасын таза сатып алушы болып саналады және одан әрі қалады.