Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың І тоқсанында 110,7 млрд теңгенің 36 өнеркәсіптік нысаны іске қосылды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәлімдеді.
Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, елімізде крахмал, ұн-жарма өнеркәсібі бойынша жылына 77,2 мың тонна, өсімдік және жануарлар майын (жылына 13,4 мың тонна), битумды (жылына 70 мың тонна) шығаратын кәсіпорындар іске қосылды.
Сондай-ақ, есептік кезеңде 1,2 млрд теңгеге ет және ет өнімдерін өндіру бойынша жобалар іске қосылды. Алматы облысында зауыттың құрылысы 910 млн теңгені, Жамбыл облысында 375 млн теңгені құрады.
Ұн тарту-жарма өнеркәсібінің жаңа өндірісі 2,4 млрд теңгеге бағалануда. Жобалар Ақмола (2,3 млрд теңге) және Қызылорда (134, 6 млн теңге) облыстарында іске қосылды. Ал Шымкентте минералды су және басқа да алкогольсіз сусындарды 1,1 млрд теңгеге шығару жолға қойылды.
Сонымен қатар 5,8 мың бас ірі қара мал ұстауға арналған, 6,2 мың бас қойға арналған, 3 мың бас жылқы ұстауға арналған үй – жайлар пайдалануға берілді.