мәртебесін алды. Ал 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 92,4 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түркіменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,2% - басқа елдерден келген.
Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,3%), Маңғыстау (20,1%), Түркістан (10,8%) және Жамбыл (6%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (5,8%), Нұр-сұлтан (6,8%) және Шымкент (7,8%) қалаларында қоныстанды.
Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 63,1%-ды құраса, халықтың 23%-ы еңбекке жарамды жастан кіші және 13,9%-ын зейнеткерлер құрады.
Білім деңгейі бойынша еңбекке жарамды жастағы қандастардан 10,9%-ы жоғары білімді, 40,7% арнаулы орта білімді, 46,6% жалпы орта білімді және 1,7%-ының білімі жоқ.