Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған

Жыл басынан бері 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған

Астана. 7 желтоқсан. 7kun.kz - 2016 жылдың 10 айында 179,2 млрд. теңгенің 63 жобасы жүзеге асырылып, 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Стратегия-2050 сайты хабарлады.

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында 4 трлн теңгенің 961 жобасы іске қосылды, 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру басталғаннан бергі аралықта жасалған жобалар бойынша 7,5 трлн теңге шамасында өнім өндірілді, соның ішінде 2016 жылдың 10 айында - 1,8 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

Орташа есеппен, Карта жобаларын іске қосу арқылы ай сайын 160 млрд тенге сомасынан астам өнім өндірілуде.

Сонымен қатар, Карта аясында іске асырылған жобалардың есебінен 2016 жылдың 10 айында жалпы өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 18,1%-ы өндірілді.Индустрияландыру бойынша жүргізілген жұмыстардың есебінен өңдеуші өнеркәсіп құрылымы өзгеріске түсті.Өнеркәсіптің металлругия және азық-түлік сынды дәстүрлі мықты салаларына қосымша, қарқынды даму үстіндегі жаңа салалары пайда болды: титан өнеркәсібі, сирек металлдар саласы, теміржол машина жасау, күн энергиясы.

Похожие материалы