Жыл басынан бері АҚШ полиция қызметкерлері 385 адамға оқ атқан. Оның ішінде 365 ер адам дәне 20 әйел адам. Бұл жөнінде The Washington Post басылымы жазады. Аталған мәліметтер түрлі сұхбаттардан, полиция есептері мен жергілікті жаңалықтар шығарылымынан алынған.
Құрбандардың басым көпшілігі, 80 пайызға жуығы тапанша, пышақ және өзге де қауіпті заттармен қаруланған. Қарусыз адамдар саны - 49, ойыншық қаруы барлары - 13.
Қаза болғандардың жартысы ақ нәсілділер. Десе де, қаруланбаған АҚШ азаматтарының үштен екісі афроамерикандар мен латынамерикалықтар. Құрбандардың жасы - 16 жастан 38 жасқа дейін. 385 жағдайдың тек үшеуінде ғана полиция қызметкерлері жауапқа тартылған.
The Washington Post АҚШ-та тәртіп қарауылдарының қолынан күніне орта есеппен екі адам қаза болады деп жазады.
2014 жылдың екінші жартысынан бастап полиция қызметкерлері тарапынан кедей аудандардағы қарусыз адамдарды өлтіру көбейіп кеткен. Соның ішінде Фергюсон қаласында орын алған оқиға көпшіліктің назарында болды. Ол жерде 2014 жылдың 9-тамызында 18 жасар қара нәсілді Майкл Браунды атып өлтірген. Оған себеп болғаны - жасөспірімнің тәртіп сақшыларының айтқанын орындауға көнбеуі.