Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Жыл басынан бері Астанада үш мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Астана. 2 наурыз. 7kun.kz - 1 наурыздағы жағдай бойынша, Астанада жылдық жоспардың орындалуы 17 пайыздан асты, нақтырақ айтқанда, 3265 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 245-і – өнеркәсіп, 692-сі – сауда, 175-і – көлік және байланыс, 490-ы – білім және денсаулық сақтау, 498-і – құрылыс және коммуналдық шаруашылық саласында болса, қалған 1165-і – экономикалық қызметтің басқа түрлеріне жатады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 1069 адамды жұмысқа орналастырды. Жастар тәжірибесінен өтуге 187 түлек жіберілді, 26 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Сондай-ақ, биыл 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Айта кетейік, 3 наурызда Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығында (Бейбітшілік к-сі, 25, сағат 10:00-13:00) бос орындар жәрмеңкесі өтеді, онда 2000 жуық жұмыс орны ұсынылады.

Похожие материалы