2016 жылдың наурызында импорттық тауарлары бағасы 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 7,3%-ға қымбаттады деп хабарлайды статистика комитетінен. Аталған уақытта азық-түлік тауарларының бағасы 8,5%-ға қымбаттаған.
Көкөністер құны 31,9%-ға, жеміс-жидектер 19,3%-ға, шай 24%-ға және темекі өнімдері 35,3%-ға жоғарылаған. Қағаздың (25,1%), кітаптар мен газеттердің(12,7%), текстиль (13,4%) мен киім бағасы (16,8%) да қымбаттады.
Тоңазытқыш құрылғылары мен электроника 15,3% және 7,5%-ға жоғарылады. Құрылыс материалдарының құны 12,8% өсті.
Ведомство мәліметі бойынша, жыл басынан бері дайын тауарлар бағасы 8,3%, жартылай фабрикаттар бағасы 2,8% және шикізат бағасы 5,6% қымбаттады.