Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл басынан бері көп балалы аналарға 46 миллиард теңге жәрдемақы төленді

Жыл басынан бері көп балалы аналарға 46 миллиард теңге жәрдемақы төленді

Астана. 15 желтоқсан. 7kun.kz – Жыл басынан бері Қазақстанда 228,9 мың көп балалы ана жалпы сомасы 46,2 млрд теңгеге мемлекеттік жәрдемақы алды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «АМАНАТ» партиясының жол картасының орындалуын қарауға арналған Партиялық бақылау комитетінің отырысында айтты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрдің айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, елдің бәсекеге қабілеттілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға бағытталған 362 шараны қамтиды.

«2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 362 іс-шараның 130-ы орындалды, 228-і орындалу барысында, 4 іс-шара орындалмаған», - деді ол.

Ә.Қуантыров әлеуметтік маңызы бар іс-шаралардың жүзеге асырылу барысына жеке тоқталды

Ағымдағы жылдың 10 айында:

  • баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақыны 48,3 млрд. теңге сомасында 364 мың адам алды;
  • баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны (жұмыс істемейтін әйелдер үшін) 14,3 млрд. теңге сомасында 54 мыңға жуық адам алды;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларын алған немесе «Батыр ана» және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны 228,9 мың адам алды. Төленген жалпы сома 46,2 млрд. теңгені құрайды;
  • көпбалалы отбасыларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны 283,7 млрд. теңге сомасында 497 мыңға жуық отбасы алды;
  • мүгедек балаларды (18 жасқа дейін) тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға 51,5 млрд. теңге сомасында 97,5 мың адамға жәрдемақы төленді;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемі мен жәрдемақыларды 5%-ға, ынтымақты зейнетақыларды 7%-ға индекстеу жүргізілді;
  • 1 сәуірден бастап 2022 жылға арналған инфляция дәлізін қайта қарауды ескере отырып, ынтымақты зейнетақы мөлшері қосымша 4 пайыздық тармаққа индекстелді.

Сондай-ақ министр Жол картасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде кейбір тармақтар бойынша қол жеткізбеу тәуекелдері анықталғанын хабарлады.

Похожие материалы