Алматы. 3 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР аумағында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы жіберілген қаражат көлемі 2019 жылдың қаңтар–шілде айларында 23,6 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 46,1%-ға аз, ал аударым көлемі 43,7 млрд теңгені құрады. Айта кетейік, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде жылдық өсім 4 есеге артқан, - деп жазады Ranking.kz.
Өткен жылмен салыстырғанда транзакциялар саны бір жарым есе өскен болса, биыл 36,6% -ға 116,4 мыңға дейін қысқарды.
Ақша аударым жүйелерінің ішінде «Золотая Корона» көшбасшы, оның көмегімен 9,7 млрд теңге аударылды. Алайда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32%-ға аз. Транзакциялардың саны 67,1%-ға, 28,6 мыңға дейін қысқарды.
Екінші орында Faster: 1,5 млрд теңге — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,4%-ға кем. Транзакциялар саны жылына 63,3%-ға, 8,7 мыңға дейін қысқарды.
Қалған жүйелердің әрқайсысы 1 млрд теңге де аудармаған.
Шілде айында ел аумағы шегінде халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 3,9 млрд теңге аударылды — өткен аймен салыстырғанда 2,8%-ға кем және өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда бірден 34,7%-ға аз.
Оның ішінде теңгемен аударымдар 66,4%-ды, доллармен 29,8%-ды құрады. Жалпы көлемнің 2,4%-ы рубльмен, тек 1,3%-ы еурода аударылды.