Алматы. 20 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдан бері басынан бері мемлекеттік қызметкерлер 1 млрд теңгеге жуық пара алған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова айтты.
«2017 жылдың басынан бері пара алғаны үшін 900-ден астам адам ұсталды. Олардың алған параларының көлемі әртүрлі. Бірақ, 1 миллион теңгеден кем емес. Дегенмен, соңғы жылдары пара алып істі болған мемлекеттік қызметкерлердің қатары кеміді», - деді Айгүл Шаимова.
Еске салсақ, 2017 жыл басынан бері бірнеше мемлекеттік қызметкердің пара алғандығы мәлім болды. Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім жетекшісі Урналиев Н.М. 25 млн теңге пара алып жатқан жерінен тұтқындалды. Ал ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин 400 мың теңге пара алу кезінде ұсталды және т.б.