2016 жылы еліміздің қаржы саласында ірі оқиғалар болды. Назарларыңызға ведомство басшысы Бақыт Сұлтановтың мәлімдемесін ұсынамыз.
Осы жылы жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша объектілердің рекордты саны жарияланып, сатылды. Сатылымға шығарылған объектілер саны 551, соның ішінде 383 объект жалпы сомасы 102 млрд теңгеге сатылды.Мүлікті заңдастыру акциясы да сәтті аяқталып келеді. Осы уақытқа дейін барлығы 4,6 трлн теңге, оның ішінде мүлік 1,8 трлн теңге, ал ақша 3,3 трлн теңге заңдастырылды. Екіншіден, мемлекеттік сатып алулар веб-порталы жаңартылған күйде іске қосылды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алуға қатысты барлық процестер, оның ішінде, жоспарлау, жариялау, процедураларды өткізу, жеткізушіні таңдау, келісім шартты бекіту, аталған веб-порталда жүргізіледі.Сатып алулар электронды форматта ашық жүргізілгендіктен, жемқорлық азайып, құралдарды тиімді пайдалануға мүмкіндік туып отыр. Автоматтандыру шартты түрде үнемдеу мен бәсекелестікті арттыруға септігін тигізді.2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуының әсерінен экономикада біршама алға жылжу байқалды. Тек қана 11 айдың ішінде мемлекеттік бюджетке 5,8 трлн теңге түскен. Мемлекеттік бюджет 396 млрд теңгеге, республикалық бюджет 255 млрд теңгеге, ал жергілікті бюджет 141 млрд теңгеге артығымен орындалды. Осы жылы 11 ай ішінде мембюджет өткен жылмен салыстырғанда 38,1%-ға, республикалық бюджет 41,1%-ға, жергілікті бюджет 13,6%-ға өсті. Сонымен бірге, мембюджеттің табысы 109,1%-ға, республикалық бюджет табысы 106,6%-ға, жергілікті бюджет табысы 109,1%-ға орындалды. Жыл қорытындысы бойынша салық түсімі 250-300 млрд теңгеге жетеді деп ойлаймыз.2016 жылдың маусымында болған тағы бір маңызды жайт – Қазақстанның ЕАГ-нің(Терроризмді қаржыландыру мен қылмыстық табыс түрлерін заңдастыруға қарсы Еуразиялық топ) күшейтілген мониторингінен алынып тасталғаны. Бұл күшейтілген мониторгинг еліміздің шетелдік инвесторлар алдындағы тартымдылығының кері әсер етіп, экспорттық келісімшарт төлемдерінің кешіктірілуіне себеп болуы мүмкін еді.БҰҰ-ның Қауіпсіздің Кеңесі Контртеррорлық Комитеті атқарушы директоры Қазақстан заңнамасына ФАТФ-тың (Ақшаның сыртқа кетуімен қаржылық күрес шараларын ұйымдастыратын топ) халықаралық стандарттарына сәйкес өзгерістері мен толықтыруларын енгізуін еліміздің алға жылжуы деп бағалады.2017 жылы бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, бюджеттің құрастырылуының сапасына аса мән беріледі. Оның ішінде табысты болжау мен тиімді түрде бөлу де бар. Аз ақшадан көп пайда табу келесі жылғы бюджетпен қамтамасыз ету барысындағы басты ұстанымға айналмақ. Мұны мемлекеттік кепілгерлік пен мемлекеттік-жеке серіктестік элементтерінің көмегімен және жүзеге асырамыз. Бұдан бөлек ең үлкен жұмыс бюджетті жоспарлаудан төлем жасауға көшіру бағытында жасалуы тиіс. Бұл тәсіл мынадай сұрақтарға жауап береді: Болашақта қаржы тапшылығы туындамайды ма? Қазіргі шығындар қаншалықты тиімді? Қарыздарды көбейтуге бола ма? Министрлікте жасалып жатқан жаңа Бюджеттік кодексте осындай амалдар қарастырылады.2017 жылы Кедендік-салық кодексін құрастыру жұмыстарын жалғастырады. Қаржы министрлігі 2017 жылы активтерді басқаруға қатысты мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтылмақ. Бірінші кезекте, жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асыру сөз болмақ. 2020 жылға таман экономикадағы мемлекеттің үлесі небәрі 15%-ды құрайтын болады.