Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл қорытындысы: Әлемнің 400 қалталы азаматының байлығы 2014 жылы 92 млрд долларға өсті

Жыл қорытындысы: Әлемнің 400 қалталы азаматының байлығы 2014 жылы 92 млрд долларға өсті
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, энерготасымалдаушылар бағасының төмендегеніне және әлемдегі күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан өткен жылы әлемнің 400 бай адамы өзінің байлығын 92 млрд долларға жеткізген. Bloomberg агенттігінің есебінше, миллиардерлер көрсеткіші көрсеткендей, 29 желтоқсан күні ғаламшардың 400 бай адамының қаржысы 4,1 трлн долларды құраған. Жыл үздігі Басқаларға қарағанда байлығын еселеген бірінші адам интернет-сауда саласындағы ең ірі қытайлық компания Alibaba-ны құрған 50 жастағы Джек Ма. 2014 жылы оның байлығы 3,6 млрд доллардан 28,7 млрд долларға дейін өсіп, гонконгтік кәсіпорын иесі Ли Кашиннен Азиядағы ең бай адам атағын тартып алды. «Қытайлық жастардың жұмысы жақсы жүріп жатқанына мен тек қуанам», -деді осы жылы 86 жасқа толған Ли Кашин. Қыркүйек айында Alibaba Нью-Йорк биржасында  тарихтағы ең ірі, көлемі  25 млрд долларды құрайтын IPO-ны жүзеге асырды, содан бері компанияның баға белгілеуі 56% өсті. Ескі гвардия Сондай-ақ өткен жылы өз байлығын көбейткендер қатарында миллиардер және инвестор Уоррен Баффет бар: ол жыл бойына  13,7 млрд долларға байып, өз кезегінде мексикалық Карлос Слимді екінші орынға ығыстырды. У.Баффеттің Berkshire Hathaway атты инвесткомпаниясының акциясының құны  2014 жылы 28%-ға өсті, бұл фирманың соңғы 50 жылдағы ең ірі рекордтық көрсеткіші. Бірінші орында қызметтен кеткен, Microsoft компаниясын құрған Билл Гейтс тұр. Компания қағаздарының оң өзгерісінен оның байлығы 9,1 млрд. доллардан  87,6 млрд. долларға өсті. Пайдалы желі Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі Facebook Inc. операторының басты атқарушы директоры Марк Цукерберг бір жылда өз байлығына 10,6 млрд доллар қосты, сонымен бірге  22 желтоқсан күні компания акцияларының бағасын белгілеу тарихи максимумға жетті. 2014 жылы Facebook мобильді платформалардағы жарнама саласында топ жарды. Аналитиктердің пікірінше, компания мобильді жарнама нарығында өзінің бәсекелесі Twitter микроблогтарымен бірге көшбасшы болып тұр. Сонымен қатар компания өткен жылдардың шулы табыстарынан пайда тауып жатыр. Өткен аптада Citigroup аналитиктері  Instargam фотосервисінің құнын 2012 жылғы  1 млрд доллардан  35 млрд долларға дейін  жоғарылатты. Сервисті қолданушылар саны 300 млн-ға жеткен, бұл Twitter қолданушыларынан әлдеқайда жоғары және де Instargam қолданушылары желіде орташа алғанда 1,8% белсендірек. Ресейліктер жеңілуде 2014  жылы миллиардерлер арасындағы ең көп шығынға ұшыраған "Система" АФК директорлар кеңесінің төрағасы және басты акционер Владимир Евтушенков –кәсіпкердің тұтқындалуы және бұрын өзі үлес алған  ААҚ "Башнефть"-тің мемлекеттендірілуінен оның байлығы 80%-ға немесе 8,1 млрд долларға азайды. «НОВАТЭК» ААҚ Ресейлік газ компаниясының  бас директоры Леонид Михельсон бір жылда 7,8 млрд доллар жоғалтты, ал компания акциясы 44%-ға төмендеді. 2014 жылы ең бай ресейлік Виктор Вексельберг болды. Оның байлығы 14,1 млрд доллар. Осыған дейін бірінші орында тұрған Алишер Усманов "Мегафон" ААҚ капиталының жартысына жуығын жоғалтып, байлығы 32%, яғни $13,8 млрд. төмендеді. Өткен жылы байлығын үстемелеген тағы бір Ресейлік "РусАл" ОК бастығы Олег Дерипаска. Компанияның қағаздары соңғы 12 айда 122% қымбаттады, ал бизнесменнің байлығы 1,6 млрд-тан 8,2 млрд долларға өсті. Ол әлемнің ең бай адамдарының тізімінде 154-ші орында. Қытайлықтар жеңу үстінде ҚХР ең бай адамдарының қатарында Джека Мадан басқа  2014 жылы 48 млрд. долларға байыған JD.com онлайн-ритейлердің иесі Ричард Лю және Baidu.com іздегішінің бастығы Робин Ли жатады. Робин Лидің байлығы 8 млрд.долларға өскен. Alibaba акциясының өсуі ең кем дегенде үш адамды миллиардер атандырды: компанияның екінші құрушысы Саймон Се, бас директоры Джонатан Лю және өзінің листингісінен Alibaba  компаниясының қаржылық активтерін өткізген  Small & Micro Financial компаниясының бас директоры Люси Пэн. Азияның ең бай адамы титулы  Dalian Wanda Group конгломераты директорлар кеңесінің директоры Ван Цзяньлиню көшуі мүмкін. Оның компаниясы әлемдегі ең ірі кинотеатрлар операторы AMC Entertainment-те IPO бөлімше жасамақшы. 2015 жылдың басында осы арқылы бизнесменнің байлығы өсуі мүмкін, онсыз да өткен жылы 12,8 млрд доллар байлығын 25,3 млрд долларға жеткізді. Жаңа есімдер 2014 жылы миллиардерлер тізімі 86 жаңа есімдермен толықты. Және тектерінің саны азайды, себебі олардың көбісі туысқан болып келеді. Әлемнің бай әйелдерінің бірі Монако Элен Пастордың мамыр айында өзінің күйеу баласы Польшаның елшісі  Монако Войцех Яновскийдің  тапсырмасымен өлтірілуіне байланысты оның алты мұрагері бірден миллиардерлер тізіміне қосылды. Әлемдегі ең ірі сиыр етін жеткізуші JBS-тің негізін салған Жозе Батистің бес адамнан тұратын отбасы да миллиардерлер қатарына енді. Бірігу мен жұтылудың нәтижесінде компанияның 17 млрд доллар капиталы 30%-ға жоғарылады. Тұңғыш Никарагуа миллиардері болып  кәсіпкер Карлос Пеллас аталды. Ол отбасылық қант бизнесін көтерген және кірістерін BAC-Credomatic банкіне салған, ең соңында ол General Electric компаниясына 1,7 млрд долларға сатылған. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК МӨЛШЕРЛЕМЕСІ Аналитиктердің пікірінше жылжымайтын мүлікке салынатын инвестиция келесі жылы миллиардерлерге өздерінің байлығын сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді. «Әлемдегі базалық мөлшерлеме төменгі деңгейде қалуда, сондықтан әлемде, әсіресе Еуропада жылжымайтын мүлікке инвестиция салудың орайлы мүмкіндіктері туып тұр» , -деп атап өтті Arison Investments  компаниясының бастығы Эфрат Пелед. Сондай-ақ оның ойынша, доллар бағасының нығайтылуы шетелдік нарыққа ынталандырушы ықпал тудыруы мүмкін. «Экспорт тек мықты доллардың арқасында жүреді», - деді ол.  

Похожие материалы