Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл сайын 1 млн тонна АИ-92 бензині тапшы болады - энергетика министрі

Жыл сайын 1 млн тонна АИ-92 бензині тапшы болады - энергетика министрі
Қазақстандық үш мұнай өңдеу зауыты жылына 2 млн тонна АИ-92 бензинін өндіреді. Сырттан 1 млн 100 мың тонна әкелінеді. Ал нарыққа жетіспейтін көлем  бір миллон тонна. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Владимир Школьник ОКҚ-дегі брифингте айтты. «АИ-92 бензинін қоспағанда, жалпы мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Дизельдік жанармай қоры 300 мың тоннадан астам, күзгі жиын-терін науқаны қамтамасыз етіледі, қысқа дайындық жоспармен жүруде, коммуналдық қызметтерге мазут жеткілікті көлемде жеткізілуде. Жалғыз мәселе АИ-92, ол мәселені бәрібір шешу керек, әзірше тапшылық бір миллион тонна», деді мұнай өнімдері нарығындағы тапшылық туралы түсіндірген министр.  

Похожие материалы