Экономика
Выбор редактора
Жыл соңына қарай сүт бағасы қымбаттайды
Қазақстандық сүт өндірушілер жылдың соңына қарай табиғи сүт бағасын 20 пайызға өсірмек. Бұл жөнінде Астанадағы брифинг барысында Ет-сүт одағының атқарушы директоры Сансызбай Өмірбеков мәлімдеді.
Теңгенің еркін айналымға көшуі отандық кәсіпкерлерге жақсы жаңалық болды дейді Өмірбеков. Осылайша, кәсіпкерлерге Ресейден келетін сүт өнімдерінің бағаларымен теңестіруге мүмкіндік беріліп отыр. Импорт та соншалықты арзан болмайтын болады. "Ресейде сүттің бір литрі 17-20 рубль шамасында. Ескі курс бойынша ол 50-60 теңге болса, жаңасымен - 70-80 теңге болады. Яғни, сүт өндірушілердің де баға көтерулері керек болады", - дейді одақ басшысы.
2014 жылдың күз айынан бері табиғи сүттің бағасы 40 пайызға, 115 теңгеден 70 теңгеге арзандаған. Орта есеппен рубль девальвациясының әсерінен қазақстандық кәсіпкерлер күніне 700 мың мен 1 млн теңге көлемінде жоғалтып отырған. "Көптеген кәсіпорындар кеңейтуді жоспарлаған еді. Бірақ, орын алған жағдайдың кесірінен ол ойлары жүзеге аспай қалды", - дейді Өмірбеков.
Қазақстан сүт өнімдеріне ішкі қажеттіліктің 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қалған 40 пайызы - импорт. Елге келетін сүт табиғи таза емес, ұнтақ екенін де спикер айтып өтті. "Бұл екі мәселені туындатып отыр: импорт өнімдерінің басым болуы отандық мал шарушалығына кері әсерін тигізеді және халық денсаулығына қауіп туындатады. Сол себепті, еркін теңге курсына ауысуымыз - сүт шаруашылығы үшін өте пайдалы болды", - деп сөзін аяқтады Өмірбеков мырза.