Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл соңына дейін бір биткоин құны 3 мың долларға дейін өсуі мүмкін

Жыл соңына дейін бір биткоин құны 3 мың долларға дейін өсуі мүмкін

Қытай. 8 наурыз. 7kun.kz — Криптовалютаның құны болжанған шамадан да асып, нарықта басым позицияға ие боп жатыр. Наурыздың басында биткоиндардың бағасы әлемдік нарықтағы алтын унциясының үштен біріне сәйкес болғанымен, сарапшылар мұның тек бастамасы екенін айтады. Олардың болжамынша, биткоит курсы 3 мың долларға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы CNBC хабарлады.

«Вести» басылымының хабарлауынша, BTCC қытай биржасының жетекшісі Бобби Ли 2020 жылы алғашқы криптовалютаның бағасы 5 мың доллар мен 11 мың доллар аралығында болатынын айтады. Сарапшылар «тіпті ұстап көруге де болмайтын валютаның құны ұзақ жылдар бойы төлем құралы боп келген алтыннан да бағалы болып кетеді» деген пікірге тоқталып отыр.

CNBC-тің хабарлауынша, сарапшылардың мұндай болжам жасауына әлемдегі құбылмалы саяси жағдай мен Еуропадағы сайлау, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы әсер еткен.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың басында биткоин алғаш рет алтын унциясынан қымбат болған: бір криптовалютаға сатып алушылар 1280 доллар берсе, алтын унциясын 1236 доллардан сатып алды.

Криптовалютаның не екенін мына сілтемеден біле аласыз. 

Похожие материалы