Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жыл соңына дейін Шымкентте алты балабақша ашылады

Жыл соңына дейін Шымкентте алты балабақша ашылады

Миллионға жуық тұрғыны бар Шымкент қаласында білім күні қарсаңында жеті білім беру нысанының құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылған болатын. Бүгінде шаһардағы 126 мектепте 148 мыңға жуық оқушы оқиды деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл облыстағы мектептерде білім алатын 602 мың оқушының 25 пайызына жуығы Шымкент қаласындағы мектептерде білім алады дегенді білдіреді. Биыл Оңтүстік Қазақстанда мектеп табалдырығын алғаш аттаған 70 448 оқушының 21 мыңнан астамы Шымкенттегі мектептерге қабылданды.  2015-2016 оқу жылында 1-сынып оқушыларының 30 пайызы облыс орталығындағы білім ошақтарында дәріс алмақ. Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды қамту көрсеткіші 77 пайызға жетіп отыр. Қалада жыл соңына дейін жаңа алты балабақшаның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Еліміздегі ірі қалалардың санатына енген Шымкент қаласында бүгінде 296 мектепке дейінгі ұйым белсенді жұмыс жасап жатыр.

Похожие материалы