
Корейлік автокөлік «Жылдың үздік электромобилі» және «Үздік дизайн» аталымдары бойынша да топ жарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Басты жетістік – «World Car 2022» аталымы бойынша бірінші орын. Корей алыбы финалда тікелей туысы болып келетін Kia EV6 мен жаңа Ford Mustang Mach-E-ді басым түсті. Үздік үштікте екі туыстас автокөліктің болуы Hyundai Motor Group концернінің мықтылығын көрсетеді.
Сондай-ақ, Ioniq 5 өзінен әлдеқайда қымбат Audi E-Tron GT және Mercedes-Benz EPC-тен озып, жылдың ең үздік электромобилі атанды. Сондай-ақ, корейлік көлік моделі «World Car Design» номинациясы бойынша Kia EV6 және Audi E-Tron GT дизайнынан асып түсіп, бірінші орынға ие болды.
Қалған жеңімпаздарға келетін болсақ, Mercedes-Benz EQS жылдың ең үздік люкс автокөлігі атанды, ал Toyota Yaris Cross жылдың ең үздік қалалық автокөлігі номинациясында топ жарды.
Похожие материалы
50 тысяч алматинцев вышли на субботник ко Дню Победы
- 09 мая, 2025