Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жылжымайтын мүлік нарығының ең ірі 7 құрылыс компаниясы

Жылжымайтын мүлік нарығының ең ірі 7 құрылыс компаниясы

Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығында жұмыс істеп жатқан құрылыс компаниялар көп. Ал оның ішінде ең танымалдары қайсысы? 7kun.kz елімізде танымал құрылыс нысандарын салып, халықты элиталы тұрғын үйлермен қамтамасыз етіп отырған компанияларды анықтап көрді.

1. БАЗИС-А

«БАЗИС-А» - Қазақстандағы ірі құрылыс компаниясы. 1991 жылы Александр Белович негізін қалаған. 25 жылда «БАЗИС-А» арқылы 5 500 000 шаршы метрден астам тұрғын және әкімшілік ғимараттар, 1 500 000 шаршы метрден аса әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар тұрғызылды. Астана және Алматы қаласында салынған элиталы ғимараттар да осы компанияның еншісінде.

Компанияда түрлі мамандықта 8000 жоғарғы білікті қызметкер еңбек етеді. Қаржы айналымы - 78,5 млрд теңге. 

«БАЗИС-А» салған нысандар: ALMATY ARENA мұз алаңы, «Астана салтанаты» тұрғын үй кешені, Park Inn by Radisson Astana қонақ үйі, «Нұрлы Тау» әкімшілік –тұрғын кешені, «Зүбаржат квартал» әкімшілік кешені.

2. BI Group

BI Group - ірі инвестициялық-құрылыс холдинг әрі Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында танымал. Компания құрылыс нарығында 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Холдингтің ерекшелігі – құрамында құрылыстың әртүрлі саласында еңбек ететін бірнеше дивизондары бар көпсалалы компания. Салынған нысандардың көпшілігі Астана қаласында. Алматының құрылыс нарығына 2016 жылдың сәуір айынан бастап араласа бастады.

Компания құрамында 16 дивизион, 3 холдинг жұмыс істейді. 2016 жылғы қаржы айналымы 920 млн долларды құрады. Компанияның стратегиялық мақсаты - әлемнің құрылыс компанияларының ТОП-100 тізіміне ену.

BI Group салған нысандар: "Триумфты арка" тұрғын үй кешені, «Family Town» ТК,  «Арнау» ТК, «Симфония» тұрғын үй кешені т.б.

3. BEK корпорациясы

«Корпорация ВЕК» ЖШС – Қазақстанның құрылыс нарығындағы ірі құрылыс компаниялардың бірі. 2002 жылы 19 маусымда негізі қаланған. Компания Алматы қаласындағы ірі құрылыс компаниялардың бестігіне кіреді. Қазақстанның құрылысшылар қауымдасығына және Мәскеудегі халықаралық бизнес қауымдастығына мүше.

«Корпорация ВЕК» салған нысандар: «Керемет» тұрғын үй кешені, «Навои» ТК, «На Байганина» ТК, «ВЕКТОР» бизнес орталығы, «Тұмар» ТК.

4. Global құрылыс компаниясы

Global құрылыс компаниясы Қазақстан нарығында 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Алматыдағы алғашқы жылжымайтын мүлік ұсынысының әр үшіншісі Global компаниясына тиесілі. Құрылыс нарығындағы үлесі 3 пайызды құрайды. Салынған нысандардың көпшілігі немесе 19%-ы Алматы қаласында.

Қазіргі кезде компания 7800 пәтер салып үлгерді. 3000-нан астам адам компанияда жұмыс істейді. Global компаниясының арқылы пәтер алған үлескерлер саны - 1532.

Global салған нысандар: Miras Park саябағы, Шахристан, AFD Plaza "Алтын Бұлақ" тұрғын үй кешені, «Гранд Алатау» тұрғын үй кешені.

5. Элитстрой

"Элитстрой" компаниясы - еліміздің құрылыс нарығындағы көшбасшылардың бірі. Миллион шаршы метрден астам тұрғын және коммерциялық алаңдардың құрылысын жүргізіп, пайдалануға тапсырды. Компания штатында тәжірибелі құрылымдаушылар мен жобалаушылар қызмет етеді.Бірнеше рет "Жыл таңдауы" республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

 

Элитстрой салған нысандар: "Құлан" бизнес орталығы "Нұрсая" тұрғын үй кешені, Астана мешіті, "Тау самал" ТК, "Әл-Фараби" ТК.

6. ORDA INVEST

ORDA INVEST корпорациясы Қазақстанның құрылыс нарығында 2006 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Қазіргі кезде компанияның басшылығымен 200 000 шаршы метрге баспана, 130 000 шаршы метрге коммерциялық кешен салынды. Компанияның құрылыс нысандарының көп бөлігі Астана қаласында.

ORDA INVEST салған нысандар: «Europe Palace I, II», «Оркен de luxe», «Оркен Apartments», «Асем Тас», «Sultan Apartments», «Алтын Арна», «Asyl Park», «VIVERE», «Nur Aspan» және «Жетіген» тұрғын үй кешендері (Астана), "Тау самалы" коттедждер қалашығы (Алматы).

7. SHEBERBUILD

«SHEBERBUILD» компаниясының негізі 2007 жылы қаланды. Қазіргі кезде компанияның қатысуымен салынған 600 000 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген Компанияда жұмыс істейтін қызметкерлер саны 2500-ден асады. Құрылыс компаниясының ақшалай табысы 35%-ға өсіп отырады. 20-ға жуық серіктеспен қарым-қатынас орнатқан.

SHEBERBUILD салған нысандар: Miras Park саябағы, Шахристан, AFD Plaza "Алтын Бұлақ" тұрғын үй кешені, Dostyk Residence ТК.

Похожие материалы