
Астана. 13 маусым. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 4,1 пайызды құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.
"ЖІӨ жақсы өсім көрсетті. 2017 жылдың қаңтар-мамырында жалпы өсімдегі өсім 4,1 пайызды құрады. Бұл реттегі қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5,8 пайыз болды. Ал өнеркәсіптік өндіріс 7,8 пайызды көрсетті", - деп атап өтті Тимур Сүлейменов Астанада өткен үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа аймақтардың барлығында өсім байқалған. Бұл үш аймақ өткен жылдағы нәтижеге жетпеген.