Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Өзіңнен баста" акциясы: Қарағанды облысы

"Өзіңнен баста" акциясы: Қарағанды облысы

Қарағанды. 18 маусым. 7kun.kz - Қарағанды облысында жемқорлыққа қарсы кампания басталды. Барлық мемлекеттік мекеме басшыларына басылым беттерінде өз табысы, мүліктері жөнінде ақпарат беру ұсынылды деп хабарлайды nv.kz.

"Өзіңнен баста" акциясы "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының бастамасымен өткізіліп отыр. Екі ай бұрын мемлекеттік қызмет істері департаменті барлық мекеме басшыларына өз жалақысы, пәтері, көлігі туралы ақпарат беру туралы ұсыныс-хат жіберген еді.

Нәтижесінде, көптеген шенеуніктер акцияға ат салысты. Мамыр айында және маусымның алғашқы жартысында өз табыстарын 16 басшы жария етті. Оның ішінде екі аудандық әкімдік, тоғыз облыстық барқарма төрағалары, үш департамент басшылары, өрт сөндіру қызметінің басшысы мен аумақтық инспекция жетекшісі қатысты.

Октябрь ауданының әкімі Ержан Ораловтың өткен жылғы жалақысы - 5 млн 69 мың теңге, Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохина тек екі айдың жалақысын көрсетті, себебі оның осы қызметке келгеніне сонша уақыт болды - 427 мың теңге.

Орталық мемлекеттік органға қарайтын екі басқарманың табыстары екі бөлек болады. Мәселен, төтенше жағдай жөніндегі департаменті басшысы 5 млн 129 мың теңге тапса, қызметтесі, экология департаментінің басшысы бар-жоғы 2 млн 729 мың теңге табыс тапқан. Бірінші басшының Павлодар мен Алматыда пәтерлері бар, екіншісінде Қапшағайда екі жер телімі бар.

Облыстық әкімдікке қарайтын басқарма басшыларының да табыстары әр түрлі. Ең аз жалақы алатын білім беру бөлімінің басшысы Асхат Аймағамбетов. 2014 жылы ол 1 млн 996 мың теңге табыс тапқан. Ауыл шаруашылық және дене шынықтыру мен спорт бөлімдерінің басшылары Бауыржан Асанов пен Наталья Сухорукованың табыстары сәйкесінше, 2 млн 763 мың теңге және 2 млн 662 мың теңге. Ең көп жалақы алатындар - экономика басқармасы мен қала құрылысы басқармасының басшылары. Ольга Чернявская өткен жылы 4 млн 254 мың теңге, Қайрат Жиембаев - 4 млн 10 мың теңге. Ольга Чернявскаяда Қарағандының орталығында пәтері мен саяжайы бар. Ал, Қайрат Жазкенұлында гараж және "Тойота Камри" бар.

«Кейбір лауазымды тұлғалар өз табыстарын жасырып қалды, – дейді Дидар Смағұлов. – Теміртау қаласының әкімі, медициналық қызмет төлемдері департаментінің басшысы және Қарағанды облысы бойынша статистика комитетінің басшысы жария етпеулерінің себептерін түсіндірмеді. Бізге бұл ақпарат өте қызық», - дейді жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің жетекшісі Дидар Смағұлов.

Смағұловтың айтуынша, барлық жарияланған мәліметтер акция біткен соң тексерілетін болады. Сандар мен деректер декларациялар бойынша қаралады. Ол декларацияларды мемлекеттік қызметкерлер әр жыл сайын салық басқармасына өткізіп отыруы тиіс.

"Өзіңнен баста" акциясы: Алматы облысы

"Өзіңнен баста" акциясы: Ақтөбе облысы

Похожие материалы